
Бүгін Басқарма басшысының орынбасары Е.Мәлік “Экодом” тұрғын үй кешенінде МИБ төрағасымен бірге лифттерге тексеру өткізді. Кездесу барысында қауіпсіздік талаптары бойынша кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, лифттерге модернизация жасау шаралары бойынша лифт ұйымының көмегімен нысаналы жарнаны жинақтау арқылы немесе Басқармаға қарасты “Өркен қала” ЖШС-іне заң аясында жүгінуге болатындығын қала тұрғындарының назарына саламыз.