«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма), «Газ инспекциясы және көтергіш құрылымдарды бақылау» бөлімімен «Qazaqgaz Aimaq» Астана өндірістік филиалының хаты негізінде газбен жабдықтау саласында орташа қысымды газ құбырының қорғау аймағында рұқсат етілмеген жұмыстар жүргізгені үшін субъектіге қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 305-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.
Басқарма барлық газ ұйымдарына газ құбырынан 15 метрден кем қашықтықта құрылыс, оның ішінде жер қазу жұмыстарын жүргізуге газбен жабдықтау жүйесін пайдаланатын ұйымның жазбаша рұқсаты бойынша ғана жол берілетінін хабарлайды және жұмысты жүргізу шарттары ұсынылады. Рұқсатқа газ құбырының орналасу схемасы қоса беріледі.