Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі кім болды.

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі кім болды.

2025 жылғы 15 қыркүйектен кейін, көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектілері ретінде басқарушы компания және пәтер иелерінің кооперативі.

Мүлік иелерінің бірлестігіне біріккен немесе заңды тұлға құрмай тікелей бірлесіп басқару тәртібінде әрекет ететін үй-жайлардың меншік иелері басқару субъектісін таңдауда және ауыстыруда ерікті.

Кондоминиум нысанын басқару субъектілері Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңына сәйкес кәсіби біліктілігі танылған құжаты бар қызметкерлері болған жағдайда ғана басқару қызметтерін көрсетеді.

Басқару субъектілері өз қызметін мүлік иелерінің бірлестігімен жасалған шарттың немесе тікелей бірлесіп басқару жағдайында жиналыс хаттамасының негізінде жүзеге асырады. 

Басқару субъектілері қызметін бастағаны немесе тоқтатқандығы туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде тұрғын үй инспекциясына жіберуге міндетті, бұл ретте нақты кондоминиум нысанын көрсету қажет.

Сондай-ақ, басқару субъектілері қызмет құнының өзгеретіні немесе қызметті мерзімінен бұрын тоқтататыны туралы пәтер, тұрғын емес үй-жай, паркинг орындары және қойма орындарының меншік иелерін кемінде үш ай бұрын хабардар етуге міндетті.

Қызмет құнының өзгерісі міндетті түрде жиналыстың хаттамалық шешімімен бекітілуі тиіс.

Тікелей бірлесіп басқару нысанында әрекет ететін басқару субъектісі, қызметін тоқтатудан кемінде үш ай бұрын жаңа басқару субъектісін таңдау үшін жалпы жиналыс өткізуге міндетті.

Кондоминиум нысанын басқару субъектілері басқару қызметін тоқтатқан кезде, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісі негізінде құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды мүлік иелерінің бірлестігі төрағасына немесе пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум нысанын басқару нысанын тікелей бірлесіп басқару түрінде таңдаған жағдайда – жаңа басқару субъектісіне, ал егер ондай субъект болмаса – тұрғын үй инспекциясына тапсыруға міндетті.

Кондоминиум нысанын басқару субъектісі ауысқан жағдайда, егер меншік иелері басқарудың тікелей бірлесіп басқару нысанын таңдаған болса, жинақ шотындағы ақша қалдығы сақталып, үш жұмыс күні ішінде жаңа басқару субъектісінің атына ашылған жинақ шотына аударылуға тиіс.