Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту орталығы» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару субъектілерінің ұлттық ашық тізілімін құру бойынша жұмысқа кірісті.
Аталған тізілімде тіркелген әрбір басқару субъектісі бойынша өзекті ақпарат пен деректер қамтылады, соның ішінде олардың қызметінің заңнамаға және оған сәйкес актілер талаптарына сәйкестігі көрсетіледі.
Анықтама үшін: басқару субъектілеріне заңды тұлғалар – ЖШС (басқарушы компаниялар), ПИК жатады. Сонымен қатар, тізілімге басқарушылар жеке енгізіліп, басқару нысаны нақты объект бойынша белгіленеді.
Осылайша, кондоминиум объектілері бойынша мәліметтердің жабықтығы мәселесі шешілетін болады.
Бірыңғай тізілімнің құрылуы: тұрғын үй инспекцияларының жұмысын жеңілдетеді, басқарушылар мен төрағалар жиі ауысқан жағдайдағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, меншік иелерінің өтініштері мен шағымдарын қарау сапасын арттырады жылдық тарифтерді бекіту негізі болып табылатын шығындар сметасының негізділігі жөніндегі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.
Ақпаратты жинау және тізілімді жүргізу тұрғын үй инспекцияларына жүктеледі. Өз кезегінде, МИБ төрағалары, ПИК басшылары мен басқарушы ұйымдардың жетекшілері басқаруындағы объектілер туралы мәліметтерді ұсынуға, есептерді, жиналыс хаттамаларын, сметаларды тапсыруға және басқа да заңға тәуелді актілер талаптарын орындауға міндетті болады.
Тізілімде сондай-ақ мыналар көрініс табады; тұрғын үй инспекторлары жүргізген тексерулердің нәтижелері, үйлерді жылыту маусымына дайындау мерзімі мен сапасы, әр объект бойынша күрделі жөндеуге арналған жинақ шоттарының ашылуына қатысты жұмыстардың үйлестірілуі, жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілуінің қамтамасыз етілуі, апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында.
Бөлек назар мына мәселелерге аударылған: кондоминиум объектілерінің тіркелуі және оларға қызмет көрсету аумақтарының иесіз қалмауы және меншік иелерінің құқықтарының бұзылмауы үшін жер телімдерінің объект құрамына енгізілуі.
Тізілімді құру – бұл тұрғын үйді өркениетті және жауапты басқаруға жасалған маңызды қадам, онда әрбір меншік иесі өз үйі мен қаражатының қайда және қалай жұмсалып жатқанын білуге және бақылауға құқылы.
Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық басқару субъектілері объектіде нақты бар екендігін тіркеуі, мәліметтерді жаңартуы және егер ұйымдық-құқықтық нысаны ПИК болып табылса – қайта тіркеуден өтуі тиіс. Әйтпесе, Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңына сәйкес оларға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.