2025 жылдың 18 маусымында Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Е.Мәлік, “Сарыарқа”, “Байқоңыр” аудан әкімдерінің орынбасарлары Д.Тұяқбаев және Н.Алмантаевтың қатысуымен Республика даңғылы, 1, 3, 5, 7 үйлерінің тұрғындарын қабылдады. Жеке қабылдау барысында үйдің тіршілігіне, әсіресе ПИК қызметіне қатысты мәселелер бойынша сұрақтар талқыланды. Қабылдау барысында аталған фактілер айтылып, сондай-ақ ҚР тұрғын үй заңнамасы бойынша қажетті түсіндірмелер берілді.