Астана қаласының апатты үйлерін реновациялау және тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ағымдағы жылы 36 көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстарын аяқтауда.
Техникалық зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібіне», сондай-ақ «Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын» сәйкес жүргізіледі.
36 көппәтерлі тұрғын үйге жүргізілген техникалық зерттеу нәтижелері аяқталғанына қарай Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтында жарияланатын болады.