Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап Отбасы банк тұрғын үй саласындағы Ұлттық даму институты ретінде жұмыс істей бастағанын және «бір терезе» қағидаты бойынша - тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтардың есебін жүргізетінін және есепке қоюдан пәтер алуға дейін әрекет ететінін хабарлайды.

Осыған байланысты, Астана қаласында тұрғын үйге мұқтаж кезектегі барлық азаматтар тұрғын үй саласындағы ұлттық даму институтының басқаруымен «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық жүйесіне ауыстырылатын болады. 

Ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының барлық азаматтары «халықтың әлеуметтік осал топтары» санатына жататынына қарамастан, мынадай талаптарға сәйкес болған кезде тұрғын үйге кезекке қоюға өтінім бере алады:

​- 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы;

​- ҚР бойынша соңғы 5 жылда өтініш берушінің және барлық отбасы мүшелерініңменшігінде тұрғын үйі жоқ;

​- әкімдіктен берілген ХӘОТ санаты үшін «Жалға берілетін тұрғын үйде» тұрмайды;

​- бұрын мемлекеттен тұрғын үй алмаған және жекешелендірмеген;

​- мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша меншігіне пәтер сатып  алмаған (мысалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша);

​- егер тұрғын үй апатты деп танылса, ол өтінім берілетін қалада болуы тиіс.

Азаматтар orken.otbasybank.kz. жүйесі арқылы тұрғын үйге кезекке тұруға өтінім бере алады 

orken.otbasybank.kz жүйесі арқылы кезекке қоюдың барлық мәселелері бойынша, сізден «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығына» - 300 (ұялы телефоннан тегін) және 8 800 080-18-80 (ҚР бойынша қоңырау шалу үшін тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.