Соңғы уақытта Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлер кешендерінің аумағындағы шлагбаумдар мен қоршауларды алу мәселесі бойынша азаматтардан өтініштер жиілеп түсе бастады.

Осыған байланысты келесіні түсіндіреміз: егер үйге іргелес жатқан жер телімі кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне кіретін болса, пәтер және үй-жай иелері жиналыста бұл жерге қоршау орнату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Шлагбаумды орнатуға тек көппәтерлі тұрғын үйді пайдалану үшін бөлінген және тіркелген кондоминиум объектісі болып табылатын жер телімінің шегінде ғана жол беріледі.

Демек, егер шлагбаум орнатылмақшы болған жер телімі көппәтерлі тұрғын үйдің немесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жатпаса, онда меншік иелері жиналысы бұл аумақты пайдалану немесе оған шлагбаум орнату туралы шешім қабылдауға құқылы емес.

Сонымен қатар, мемлекеттік жер аумағында шлагбаумдар мен қоршауларды заңсыз орнату жағдайында тиісті шаралар қабылдау Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің құзыретіне жатады (Достық көшесі, 13-үй).

Шлагбаумдар, қақпалар және қоршаулар орнату кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларын басшылыққа алу қажет.

Сонымен бірге, Басқарма шлагбаумдар мен қоршауларды алу немесе орнату рәсімдерін келісу мәселелері бойынша құзыретке ие емес.