Жеңіс күні: Есіл өзенінің жағасында симфониялық оркестр өнер көрсетті

Жеңіс күні: Есіл өзенінің жағасында симфониялық оркестр өнер көрсетті

Астанада Жеңістің 79 жылдығы тойланып жатыр. Бұл күні Есіл өзенінің жағалауындағы жаяу жүргіншілерге арналған көшеде астаналықтар үшін Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Шеру барысында барлығына ұнайтын әрі таныс шығармалар орындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша тұрғындар көп жиналатын елорданың орталық саябағында әскери музыканттар қала тұрғындары мен қонақтарын Жеңіс күнімен құттықтап, өнер көрсетті.

Музыкалық марш «Кенесары хан» ескерткішінен басталып, орталық саябақтың «Амфитеатр» аумағына дейін жалғасты.

«Бүгін қалада мерекелік көңіл-күй орнап, концерттер қойылып, жастар ардагерлерді құттықтап жатыр. Жастарымыздың тарихты еске алып, іс-шараларға қатысып жатқанына өте қуаныштымын. Оркестр бүгін менің сүйікті шығармаларымды орындады», - деп өз әсерімен бөлісті елорда тұрғыны.

Естеріңізге сала кетейік, Астана әкімдігінің қаулысымен Жеңістің 79 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері екі есеге өсті.Осылайша, ҰОС ардагерлеріне 2 млн теңге берілді. Қазіргі уақытта елордада Ұлы Отан соғысының жеті ардагері тұрады.