Көктал тұрғын алабында бірнеше көшеге жөндеу жүргізіледі

Көктал тұрғын алабында бірнеше көшеге жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Көктал-1 тұрғын алабында бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жүргізілетін көшелер:

- Сұлукөл көшесі Еңлік-Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде;

- ⁠Ардагерлер көшесі Д. Бабатайұлы көшесінен бастап Шұғыла көшесіне дейінгі учаскеде.

Осыған байланысты қозғалыс осы жылдың 9-16 мамыр аралығында ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.