Жеңіс лентасы: Астана еріктілері блиц-сауалнаманы іске қосты

Жеңіс лентасы: Астана еріктілері блиц-сауалнаманы іске қосты

Астанада мереке күндері Есіл өзенінің жағалауындағы жаяу жүргіншілер көшесінде, саябақтарда, қоғамдық кеңістіктерде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері тұрғындар арасында блиц-сауалнама жүргізеді, дұрыс жауап берген қатысушылар «Жеңіс лентасына» ие болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жеңіс лентасы» акциясы 6 мамырда басталып, 9 мамырға дейін жалғасады. Барлығы 40 мыңнан астам лента тарату жоспарлануда.

Барлық тұрғындар сұрақтарға ынтызарлықпен жауап беруде. Сонымен қатар ҰОС даталары мен батырлары туралы хабардар болады.

Еріктілердің айтуынша, осылайша олар патриотизмді дәріптей отырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне алғыс білдіреді.

«Жастардың тарихты білуі және есте сақтауы қуантады. Және ата-бабаларды еске алады. Әрине, бұл ленталар аталарымыздың ерлігін еске түсіреді», - деді ерікті Корлан Омарова.