Астаналық зейнеткерлер веломаусымның ашылуына қатысты

Астаналық зейнеткерлер веломаусымның ашылуына қатысты

Елордада «Velotop Astana» велосипедшілер қауымдастығының бастамасымен «Веломаусым-2024» атты маусымның ашылуы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Маусымның ашылуына велосипедші жастармен бірге қала зейнеткерлері де атсалысып, Орталық саябаққа жиналды. Велосипед тебуге ниет білдірген аға буын өкілдеріне Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Байқоңыр ауданындағы инструктор-волонтері Сергей Зимин жетекшілік етті.

Іс-шараға қатысушылар қала көшелеріндегі арнайы белгіленген велосипед жолақтары арқылы Орталық саябақ пен Жетісу паркінің аралығындағы жолды жүріп өтті.

«Біздің Орталық велосипедшілер қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Қауымдастықтың жетекшісі Юрий Безбородовый жыл сайын зейнеткерлерімізді маусымның ашылу, жабылу салтанатына, таңғы серуенге шақырып тұрады. Биыл үшінші жыл қатарынан қатысып тұрмыз. Жасы үлкен велосипедшіміз – 73 жастағы Керімбай Котырев ақсақал. Бүгін маусымның ашуына 25 зейнеткер келді», - деп атап өтті Байқоңыр ауданы бойынша БҰӨСО-ның басшысы Роза Байсалбаева.

Маусымның ашылуына 60-тан астам велосипедші қатысып, олар 25 км жол жүріп өтті.