Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр

Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр

Астанада 22 жасқа дейінгі және жастар арасындағы ASBC Азия чемпионаты басталды. «Beeline Arena» спорт кешеніндегі құрлықтық дода 7 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Азия біріншілігі ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан бокс федерациясы, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласы әкімдігі және Sport qory қолдауымен өтіп жатыр.

Біріншілікке Азияның 26 мемлекетінен 500 боксшы қатысып жатыр. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады.

«Азия чемпионаты сынды жарысты елімізде өткізу отандық спорттың дамуына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан осы шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқандарға және бізге сенім білдірген халықаралық ұйымдарға алғыс білдіремін», - деді ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы):

Жігіттер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі. 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Қыздар: – 45-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Жастар (2006-2007 ж.т. аралығы):

Ержеткендер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Бойжеткендер: – 46-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.