Танымал стендап-әзілкеш «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

Танымал стендап-әзілкеш «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

Белгілі стендап-әзілкеш Евгений Чебатков елорда тұрғындары мен қонақтарын «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Сәлем, достар! Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мен Астанаға келген кезде «Таза Қазақстан» акциясы туралы естідім. Маған акцияның мән-жайы туралы түсіндіргенде оны жақсы мағынасында айтқанда бірден жұқтырып алдым. Мен өзім Шығыс Қазақстанның тумасы болғандықтан, табиғатымыздың біздің қорғауымызға қаншалықты мұқтаж екенін жақсы білемін», - деді Евгений Чебатков.

Танымал әртіс таза қаланың игілігі мен елдің өркендеуі үшін барша қазақстандықтарды осы акцияға қатысуға шақырды.
«Сондықтан біз бірге өмір сүріп жатқан кеңістікті күн сайын таза және жақсырақ ете түсейік», - деді Евгений Чебатков.

Стендап әзілкеш акцияның басты мақсаты болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік деп санайды.

«Біз болашақ ұрпақты мүлдем басқаша жақсы өмірге бағыттаймыз», - деп түйіндеді Евгений Чебатков.