«Жастар-2» скверіне 300-ден астам ағаш отырғызылды

«Жастар-2» скверіне 300-ден астам ағаш отырғызылды

Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Осы апта «Жасыл аймақ» ұранымен өтіп, ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға және т.б. арналды. Сарыарқа ауданының «Жастар-2» скверінде ауқымды ағаш отырғызу ұйымдастырылып, оған қала мәслихатының депутаттары, белсенді тұрғындар, еріктілер және Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты мамандары қатысты.

Алаңға қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды қосқанда 300-ден астам ағаш отырғызылды. Сонымен қатар алдағы күндері аудан бойынша 900-ден астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда.

Елордалық саябақта Моңғолия, Палестина, Ливия және Малайзия елшіліктерінің өкілдері ағаш отырғызу және аумақты абаттандыру шарасына жиналды.

Экоакцияны елордада орналасқан 70-ке жуық елшілік пен халықаралық ұйымдар қолдады.

Айта кетейік, 3 апта бойы елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.