Астанадағы экоакцияға қоғам белсенділері, елшілер және ҚХА өкілдері қатысты

Астанадағы экоакцияға қоғам белсенділері, елшілер және ҚХА өкілдері қатысты

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы өтіп жатыр. Оған қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, елшілер, елорда тұрғындары мен студенттері қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың барлық ауданында экологиялық іс-шаралар өтіп жатыр. Сонымен,«Жасыл аймақ» экоаптасы аясында Байқоңыр ауданында Махатма Ганди ескерткішінің жанына ағаштар отырғызылып, екпелер ақталды.ы бүгінгі экоакцияға ағаш отырғызуға және қаланы қоқыстан тазартуға қатысқан белсенді тұрғындарды көргеніме өте қуаныштымын. Махатма Ганди біздің табиғатымызды қорғауға міндетті екенімізді айтқан. Айта кету керек, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде экологиялық акциялар ұйымдастыру қажет», – деді Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасад. 

«Злата» болгар этномәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Владимир Достов бүгінгі акция барлық тұрғындардың жадында қалады деп есептейді. 

«Тамаша көңіл-күймен және қолайлы ауа райымен Біз «Таза Қазақстан» экоакциясын бастадық. Бүгінгі сенбілік маңызды. Махатма Гандидің тарихи маңызы зор. Ол бүкіл әлемде адами қасиеттерді сақтаған және табиғат туралы үлкен білімі бар бітімгер ретінде есте қалады», – дейді Владимир Достов. 

Айта кету керек, акция барысында 350-ге жуық көшет отырғызылды.

«Бүгінгі ауқымды экоакцияға Қазақстан Жазушылар одағынан келдім, біз 4 ағаш, 3 шырша отырғыздық. Менің ойымша, бұл сенбілік халықаралық деңгейде өтіп жатыр, өйткені мұнда түрлі елдердің өкілдері бар. Қалаға таза және әдемі көрініс беру үшін экологиялық акциялар өткізу маңызды. Ең бастысы – табиғатымызды сақтау», – деді ақын Сәнді Ақылай. 

Экоакцияны елордада орналасқан 70-ке жуық елшілік пен халықаралық ұйым қолдады.

Ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды тазарту, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.