Астанада жөндеу жұмысына байланысты Ж.Тәшенов көшесі жабылады

Астанада жөндеу жұмысына байланысты Ж.Тәшенов көшесі жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ж.Тәшенов тұйық көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысына байланысты биыл 28 сәуірден 2 мамырға дейін А.Бараев көшесінен бастап Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.