Астана қаласының жаңа аудандары бойынша ақпарат

Астана қаласының жаңа аудандары бойынша ақпарат

Халық санының өсуіне және аумақтың қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін елордалық мәслихат төрағасы Е. Е. Каналимов Астанада алтыншы аудан құруға бастамашы болған.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес аталған ауданды екі бөлікке бөлу ұсынылады:

- өзінің тарихи атауын сақтайтын – Алматы ауданының ауданы 8 518 га құрайды;

- жалпы ауданы 6 953 га болатын жаңа әкімшілік аудан (бұдан әрі - жобаланатын аудан).

Құжат жобасы жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.