Астанада көрермендер мен волонтерлер МОТ-тың концертінен кейін қоқыс жинады

Астанада көрермендер мен волонтерлер МОТ-тың концертінен кейін қоқыс жинады

Астанада танымал ресейлік музыкант, рэп-орындаушы МОТ-тың концерті аяқталғаннан кейін көрермендер волонтерлермен бірге трибуналардан қоқыс жинады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық еріктілер мен белсенді көрермендер тобы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайындағы қоқысты жинады. Азаматтарды елордалық көрермендердің белсенділігі ғана емес, олардың хабардарлығы да таң қалдырды. Өйткені, тазалауға «Астана Жастары» КММ белсенділері мен еріктілері де, Астананың барлық қамқор тұрғындары атсалысты.

Концерт барысында танымал рэп орындаушы МОТ тұрғындарды экоакцияға белсенді қатысуға шақырды.