Астанадағы экоакцияға Жапония елшісі қатысты

Астанадағы экоакцияға Жапония елшісі қатысты

«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында Джун Ямада мен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері интервенциядағы жапондарды еске алу ескерткіші мен оған іргелес аумақта тазалық жүргізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Біз Астанада тұрып, жұмыс істейміз, сондықтан бұл қала біздің үйімізге айналды. Астананың көркін көздің қарашығындай сақтау – біздің үлкен парызымыз әрі жауапкершілігіміз. Бүгінде тазалық жүргізіліп жатқан ескерткіш пен оның маңы Қазақстан мен Жапония арасындағы біздің ризашылығымыз бен мәңгілік достығымыздың символы болып саналады. Бұл мемориалды өткен жылы аштық. Содан бері оған Жапониядан көптеген қонақтар, оның ішінде құрметті қонақтар келді. Осы жылы Жапония Премьер-министрі келеді деп үміттенеміз», - деді Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада.

Сенбілікке елорда тұрғындары да қатысты. Экологиялық шара аясында 50-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртiптiң үлгiсi» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналған.