Астанада ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр

Астанада ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр

Астанада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр. Бұл апта «Киелі мекен» ұранымен өтіп, тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыруға арналған. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мәдениет және спорт қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, шағын және орта бизнес (базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.), еріктілер, мектеп оқушылары мен студенттер, МИБ (ПИК) және т.б. қатысып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге әрбір тұрғын белсенді үлес қосуда. Азаматтар ауласын тазарту үшін аулаларға шығады.

Экологиялық науқан аясында қалада ескерткіштер мен олардың маңайында ауқымды сенбілік жүргізіліп жатыр.

Астанада 117 ескерткіш болса, оның 46-сы мемлекет қорғауына алынған. Оның үшеуі республикалық, қалған 44-і қалалық деңгейдегі жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып саналады.

Кең көлемді экологиялық науқан аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары да жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және көгалдандыру, сауда нысандарына жақын аумақтарды тазалау, көгалдар мен гүлзарларды ретке келтіру, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды.

Ол бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Осы апта «Киелі мекен» деген атаумен өтіп жатыр.

Ал «Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең – «Өнегелі ұрпақ», ол ардагерлер тұратын аулаларды және қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Соңғы бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» маңындағы өзен-көлдерді қоқыстан тазартады.