Астананың қоғамдық ұйымдары Ақмола облысына тағы 12 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Астананың қоғамдық ұйымдары Ақмола облысына тағы 12 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Бұған дейін Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 900 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Өткен демалыс күндері "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық қоры мен Астана қаласының Ауғанстандағы мүгедектер мен соғыс ардагерлері одағы су тасқынынан зардап шеккендерге тағы 12 тонна гуманитарлық көмек берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Үкіметтік емес ұйымдар Ақмола облысының Бұланды ауданына 12 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Қатардағы азаматтардың, соның ішінде ауған ардагерлерінің ұйымшылдығының арқасында азық-түлік, матрацтар, көрпелер, киім-кешек пен жылы киім, зардап шеккендерге қажетті заттар жиналды.

Бұған дейін Қор Астанадан Ақтөбеге 7 тоннаға жуық гуманитарлық көмек берген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмек қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды және жібереді. Ниет білдірушілер жылы киім, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды әкеледі. Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды.

Ниет білдірушілер қажетті өнімдерді жинап, оларды қабылдау орындарына апара алады.