Астана павильоны Қытайда қазақстандық туризм жылының ашылуы аясында Гран-при алды

Астана павильоны Қытайда қазақстандық туризм жылының ашылуы аясында Гран-при алды

Бейжіңде Қытайда Қазақстандық туризм жылының ашылуы өтті. Ашылу аясында елордада Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуде қытай саяхатшылары үшін ұйымдастырылған туризм мүмкіндіктері және Қазақстан-Қытай инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, форумға қатысушылар үшін көрме ұйымдастырылды, онда қонақтар Қазақстанның барлық өңірлерінің көрікті жерлерімен таныса алды.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Астана қаласының павильоны Қазақстанның 20 өңірі арасында үздік деп танылып, "туристік әлеуетті үздік көрсеткені үшін" байқау Гран-приіне ие болды