Астанада балалар автобуспен 4 жылда 86 млн-ға жуық тегін қатынаған

Астанада балалар автобуспен 4 жылда 86 млн-ға жуық тегін қатынаған

85 988 426 сапар. 2020 жылдың 28 наурызынан бүгінге дейін 18 жасқа дейінгі жолаушылар тегін қатынаған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында мектеп оқушылары көктемгі демалыстан шығады және автобуста мектеп көлік картасын валидациялаудың маңыздылығын естеріңізге саламыз.

Автобуста картаны валидациялау:

- автобустар санын көбейтуге, маршруттарға бөлуге, жаңа бағдарларды іске қосуға, жолаушылар ағынын көруге септеседі;

- қажет болған жағдайда, баланың сапарларын қадағалауға көмектеседі. Әсіресе бұл баланың қауіпсіздігі үшін маңызды.

«Құрметті ата-аналар! Сіздерден балалардың қоғамдық көлікпен жүрер алдында мектеп көлік картасының бар-жоғын қадағалауды сұраймыз», - делінген CTS компаниясының хабарламасында.