Астанада ҚазҰӨУ ғимаратының алдындағы алаңда Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде Қостанай облысының 14 ауданынан және 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады. Шаруалар елордаға 400 тонна тауар әкелді.
Барлығы 100-ден астам тауар: Барлық түрдегі мал еті – 51 тонна, сүт өнімдері – 35, шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттар – 23, жарма мен макарон өнімдері – 30, картоп пен көкөністер – 70, ұн – 50, сондай-ақ нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және басқалар.
Жәрмеңкеде сүт және ет кәсіпорындары бар, олардың брендтері бүкіл елге және одан тыс жерлерге танымал.
Астанадағы жәрмеңкеде Ақтөбе облысын өңірдің 12 ауданынан және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары ұсынады.
Қала тұрғындары үшін 80 тонна ет, 61 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна сүт, 17 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, бір тонна бал, 10 тонна шұжық, 8 тонна ұн мен макарон өнімдері бар.
Айта кетейік, өнімдер орташа нарық бағасынан төмен сатылады.
Жәрмеңке 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері таңғы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.