Бірыңғай есеп күні: бақылау-қадағалау мемлекеттік органдары кәсіпкерлерге өз жұмысы туралы айтты

Бірыңғай есеп күні: бақылау-қадағалау мемлекеттік органдары кәсіпкерлерге өз жұмысы туралы айтты

Астана қаласында жыл сайынғы бақылау-қадағалау органдары мен ұйымдарының кәсіпкерлік субъектілері алдындағы бірыңғай есеп беру күні онлайн режимде өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бірыңғай есеп күні жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізіледі. Оны өткізудегі мақсат бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау арқылы кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту болып саналады. Осындай іс-шаралардың арқасында сындарлы шешімдер әзірленеді, кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың қауіпсіз қызметті жүзеге асыру бөлігінде құқықтық сауаттылығы артады, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзушылықтардың алдын алу жүйесі дамиды.

Іс-шарада 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңде жүргізілген жұмыс туралы мемлекеттік орган мен ұйымдардың басшылары есеп берді. Кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.