Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр

Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр

Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр. Қаладағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды. Әкімдікте өткен кеңесте су тасқынына қарсы шаралар талқыланды. Сондай-ақ қалалық ТЖД, «Қазсушар» РМК, «Қазгидромет» РМК, құрылымдық бөлімшелер және т.б. өкілдері қатысты.

Астанада қар мен мұзды жинау жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде. Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер елордадан 3 млн текше метрге жуық қар шығарды. Сондай-ақ арық-науа желілерін, нөсер кәріз жүйесін, бақылау және жаңбыр қабылдау құдықтарын және т.б. тазалау жұмысы жүріп жатыр.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қардың еруі салдарынан жеке тұрғын үйлердің су басуына жол бермес үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды, су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде қар күреу жұмысын ерекше бақылауға алуды, су өткізу құрылысын тазалауға ерекше назар аударуды және т.б. тапсырды.