Астанада Шәймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады

Астанада Шәймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 18-21 сәуір аралығында С.Шәймерденов көшесінің Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.