«Заң мен тәртіп»: елордалық мектепте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өтті

«Заң мен тәртіп»: елордалық мектепте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өтті

Астана қаласы прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Жас Үміт» жобасы аясында Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің оқушыларына «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған іс-шара кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Кездесу барысында әр сыныпқа жеке-жеке түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, буллинг, интернет-алаяқтық және өзге де өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Осындай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң талаптарына жауапкершілікпен қарауды нығайтуға ықпал етеді.

#законипорядок #заңментәртіп