
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында қалалық прокуратураның қызметкерлері №5 гимназияның 9-11 сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік нормалары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жауапкершілігіне қатысты өзге де өзекті мәселелер түсіндірілді.
Дәріс интерактивті форматта өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
#аконипорядок #заңментәртіп