
Астанада 18-19 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен т.б. тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 18 және 19 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.