
Елорда прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында М.Нәрікбаев атындағы университеттің 3-курс студенттеріне арнап тергеу изоляторына таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында студенттер қамаудағы адамдардың ұстау жағдайларымен, мекеменің режимдік талаптарымен, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттер жасаудың салдарымен танысты.
Тергеу изоляторының қызметкерлері изоляторға қамауға алу тәртібін, ұстау шарттарын, күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
Студенттерге арнап құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың құқықтық салдары, соттылықтың болашақ өмірге, жұмысқа орналасуға және әлеуметтік бейімделуге тигізетін әсері түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттерде құқыққа қарсы төзбеу мінез-құлқын қалыптастыруға, құқықтық сананы арттыруға және өз әрекеттеріне жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.
Жастарға арнап жүргізілетін профилактикалық жұмыс құқық бұзушылықтың алдын алудың және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі болып саналады.
Экскурсия іскерлік әрі танымдық жағдайда өтіп, студенттердің қызығушылығын тудырды және заң бұзудың салдарын көрсететін көрнекі мысал болды.
#законипорядок #заңментәртіп