
Астана қаласының тұрғыны, 18 жастағы Ринатқызы Әсемай №380 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше әрі жауапты сәт болды. Ол ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға алғаш рет қатысып отырғанын айтып, өз үлесін қосқанына қуанышты екенін жеткізді.
«Бұл – менің алғаш рет дауыс беруім. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау маңызды деп ойлаймын. Әр азамат өз пікірін білдіріп, ел дамуына үлес қосуы керек», – деді Әсемай.
Жас сайлаушының айтуынша, жастардың белсенділігі қоғамның дамуына оң әсер етеді.