Күндіз плюс температура және түнде аяз: коммуналдық қызметтер Астанада тазалауды күшейтті

Күндіз плюс температура және түнде аяз: коммуналдық қызметтер Астанада тазалауды күшейтті

Екінші күні Астанада жылыну мен жауын-шашын байқалады. Ауа-райының ерекшеліктеріне байланысты күндіз ауа плюс температураны көрсетіп тұр және қар жартылай ериді, ал түнде қатты суық болады, жолдар мен тротуарларда көктайғақ болады. Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңертең тазалауға 3000-ға жуық жол жұмысшысы және 1400-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан қар полигондарына 1 376 655 текше метрден астам қар 105 413 ауыр жүк рейсімен шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелер техникалық тұзбен себіледі. Қыс мезгілінің басынан бері 4 000 тоннаға жуық көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, елордада жылдың соңғы күндерінде мынандай ауа райы болжанып отыр:

31 желтоқсан - көшпелі бұлт, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар), боран, тұман және көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жел 9-14 м/с, күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с дейін. Түнде ауа температурасы-4-6°С, күндіз -1 + 1°С.

1 қаңтар - көшпелі бұлт, түнде қар, боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде-10-12°С, күндіз-7-9°С.

2 қаңтар - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел 5-10 м/с, ауа температурасы түнде-14-16°С, күндіз-4-6°С.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.