Астанада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы балаларға арнап жаңа жыл мерекесін ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Мерекелік іс-шара 80 балаға арналды.
«Біздің мақсатымыз – балаларға жылулық сыйлау. Іс-шара Қуыршақ театрының әртістері дайындаған жаңа жыл қойылымымен қыза түсті. Бұл шараларды жаңа жыл алдында өткізу дәстүрге айналды», – деді Сарайшық ауданының отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Айнұр Нұрекина.
Қойылыммен қатар балаларға сыйлықтар дайындалып, оларды Аяз Ата мен Ақшақар сыйлады.