«Astana Polytechnic» жоғары колледжі әлемдік City & Guilds сертификаттауынан өтті

«Astana Polytechnic» жоғары колледжі әлемдік City & Guilds сертификаттауынан өтті

Астанадағы «Astana Polytechnic» жоғары колледжі «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша беделді халықаралық City & Guilds салалық сертификаттауынан сәтті өтті. Бұл – колледждің білім беру сапасының әлемдік талаптарға толық сәйкес келетінінің айқын дәлелі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

City & Guilds – техникалық және кәсіптік білім саласындағы ең танымал халықаралық ұйымдардың бірі. Сертификаттау оқу орнының оқу процесін, материалдық-техникалық базасын, оқытушылар құрамының біліктілігін және оқу бағдарламаларының сапасын жан-жақты бағалауды қамтиды.

Халықаралық аккредитацияның колледж үшін мынадай артықшылықтары бар:

• Колледждің білім беру стандарттары халықаралық талаптарға сай екендігі расталып, оқу орнына жаһандық деңгейде танымалдық береді.
• City & Guilds сертификаты бар түлектер Қазақстанда ғана емес, шетелдік еңбек нарықтарында да жоғары сұранысқа ие болады.
• Оқу жоспарлары халықаралық сарапшылардың бағалауынан өтіп, бағдарламалар үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады.
• Оқытушылар жаңа халықаралық әдістемелермен, тренингтермен және заманауи тәжірибелермен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
• Студенттер шетелде оқу, тағылымдамадан өту және алмасу бағдарламаларына қатысуға жол ашады.
• Халықаралық аккредитация білім ордасының мәртебесін күшейтіп, жаңа абитуриенттер мен серіктестерді тартуға мүмкіндік береді.