«Есірткісіз өмір – болашаққа қадам»: Астанада оқушылар арасында театр қойылымдарының байқауы өтті

«Есірткісіз өмір – болашаққа қадам»: Астанада оқушылар арасында театр қойылымдарының байқауы өтті

Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында мектеп клубтары арасында нашақорлықтың алдын алуға және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған «Есірткісіз өмір – болашаққа қадам» атты театр қойылымдары байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында салауатты, қауіпсіз және белсенді өмір салтына негізделген тұрақты құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдердің жауапкершілігі мен саналы көзқарасын дамыту.

Іс-шара барысында қатысушылар өмірлік таңдау, құндылықтар және психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы маңызды мәселелерді қозғайтын өздерінің театрландырылған қойылымдарын ұсынды. Байқауға Байқоңыр ауданының 8 мектебі қатысты.

Байқауға Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Азамат Малыбаев, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Ақылбаев, «ЕС бол» ҚБ төрағасы Жандос Ақтаев және «Жасыл жалын» ұйымының өкілі, Байқоңыр аудандық прокуратура өкілдері қазылық етті.

Жарыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен №119 мектеп клубы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға №16 және үшінші орынға №8 мектеп клубтары лайық деп танылды.