Астанада үш мыңнан астам жол жұмысшысы қар күреуге шықты

Астанада үш мыңнан астам жол жұмысшысы қар күреуге шықты

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген және тәулік бойғы режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде коммуналдық мамандар елордадан шамамен 16 мың текше метр қар шығарды. Қар полигондарына 1338 рейс жасалды.

9 желтоқсан күні таңертеңненбастап қар тазалау жұмысына үш мыңнан астам жол жұмысшысы және 1420 арнайы техника жұмылдырылды.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін орташа қозғалысы бар учаскелер – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыс жүргізіледі.

Айта кетейік, қыс маусымы басталғалы бері қаладан 332 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл көрсеткіш 25 863 рейспен орындалған.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады.