
Астананың коммуналдық қызметі қыс мезгілінің басынан бастап күшейтілген тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті. Әр күн сайын қаланы қардан тазалау жұмысына жүздеген жол жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
8 желтоқсан күні күндізгі ауысымда коммуналдық қызметкерлер 3815 текше метр қарды немесе 275 жүк көлігін қар полигонына шығарып үлгерген.
9 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 1000-нан астам арнайы техника мен шамамен 400 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Ең алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазартылады. Кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелер – аулалар, алаңдар, тротуарлар және аялдамалар тазартылады.
Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына жол-көлік қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жолдар мен тротуарларда барынша абай болуды ескертеді, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауды ескертеді.