Астанадағы Backstreet Boys концертіне арнайы шаттл-автобустар қатынайды

Астанадағы Backstreet Boys концертіне арнайы шаттл-автобустар қатынайды

Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.

Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:

– «Астаналық цирк» автотұрағы;

– «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;

– «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;

– Орталық саябақ автотұрағы;

«Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.

Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.