Жапония астанасында параспортшылар арасындағы үстел теннисінен халықаралық турнир – «ITTF World Para Future Tokyo 2025» аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа әлемнің 17 елінен 134 спортшы қатысты.
Астанадан барған спортшылар Қазақстан намысын қорғап, жүлдегерлер қатарына енді.
Атап айтқанда, Таш Балзия жеке сайыста қола медаль иегері атанды. Ал Александра Степанова үндістандық серіктесі Видья Кумаримен бірге әйелдер арасындағы жұптық сайыста (WD10) қола жүлдеге қол жеткізді.