Елорда жастары «Таза Қазақстан» акциясында экологиялық белсенділігі мен патриоттық сезімін көрсетті

Елорда жастары «Таза Қазақстан» акциясында экологиялық белсенділігі мен патриоттық сезімін көрсетті

Ел Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елордада сенбілік өтті. «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының 150-ден астам жауынгері Конституция көшесі бойындағы аумақты қоқыстан тазартып, ретке келтірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция символдық мәнге ие болды. Конституция – мемлекетіміздің негізі, ал жастардың қаланы тазалық ісіне қатысуы – елге және оның заңдарына деген құрметтің көрінісі.

«Экологиялық мәдениет – бұл тек айналамыздың тазалығы ғана емес, әрбір азаматтың елінің болашағына деген жауапкершілігі. Жастар табиғатты қорғау мен мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету ісінде алдыңғы қатарда болуы тиіс. Бүгін біз қоршаған ортаға қамқорлық – Тәуелсіз Қазақстанды дамытуға қосқан үлесіміз екенін көрсеттік», – деді «Жасыл Ел» жобасы басшысының орынбасары Асылбек Абдурашитов.

Іс-шараның негізгі міндеттері – Конституцияға құрмет сезімін тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті арттыру.

#ТазаҚазақстан  #экология  #TazaChallenge @TazaQazaqstan