«Заң және тәртіп»: елорданың сауда орталықтарында қауіпсіздік мәселесі түсіндірілді

«Заң және тәртіп»: елорданың сауда орталықтарында қауіпсіздік мәселесі түсіндірілді

Арнайы жұмыс тобы «Астаналық базар» мен «Орталық базарды» аралап, кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жүргізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында бизнес өкілдеріне салық заңнамасы, сондай-ақ өрт және санитариялық қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

«Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, елордада сауда базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Осы орайда базар иелері жалға алушыларға заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасауы тиіс», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев.

Бұл бағыттағы түсіндіру жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.