«Заң және тәртіп»: Сарыарқа ауданындағы түнгі рейд кезінде көшеде жүрген 200-ге жуық жасөспірім анықталды

«Заң және тәртіп»: Сарыарқа ауданындағы түнгі рейд кезінде көшеде жүрген 200-ге жуық жасөспірім анықталды

Астанада 27–29 шілде аралығында «Заң және тәртіп» бастамасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

Шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің назарынан тыс көшеде жүруін болдырмау, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Рейд нәтижесінде Сарыарқа ауданының полиция басқармасына 200-ге жуық жасөспірім жеткізілді. Сонымен қатар 150-ден астам ата-ана мен заңды өкілге ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 9 жасөспірім Балаларды қолдау орталығына жіберілді.

Полиция кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүріс-тұрысына жауапкершілік ересектерге жүктелетінін еске салады. Бұл талаптарды бұзу тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін салдарға да әкелуі мүмкін.