Астанада дүниеге келген нәрестелерге Домбыра күніне орай қазақтың ұлттық аспабы сыйға берілді

Астанада дүниеге келген нәрестелерге Домбыра күніне орай қазақтың ұлттық аспабы сыйға берілді

Астанада жексенбіге қараған түні дүниеге келген сәбилердің аналарына домбыра сыйға тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні атап өтіледі. Осы атаулы күні дүниеге келген сәбилерді құттықтау – игі дәстүрге айналған.

Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, оның ішінде ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары және Астана қаласы Аналар кеңесінің мүшесі №2 көпбейінді қалалық аурухананың босану блогына барып, жас аналарға сыйлықтар табыстады.

Жас аналар мен олардың нәрестелеріне гүл шоқтары мен домбыралар тарту етілді.

Домбыра – қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық болмысының бір бөлігі. Мұндай сый – мәдени құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын білдіретін символдық мәнге ие.