Астанада «Отбасы-Time»: демалыс күндері отбасымен қайда баруға болады

Астанада «Отбасы-Time»: демалыс күндері отбасымен қайда баруға болады

Жаз мезгілі басталғалы бері Астанада әр демалыс және мереке күндері «Отбасы-Time» жобасы аясында мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Бұл жазғы фестиваль елорда тұрғындары мен қонақтарына ашық аспан астында жылылыққа, қуанышқа және отбасылық жайлылыққа толы ерекше атмосфера сыйлауды мақсат етеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шаралар сенбі және жексенбі күндері үш алаңда кезекпен өтеді: Қалалық алаңда, «Жетісу» және «Жерұйық» саябақтарында.

Фестиваль бағдарламасы мыналарды қамтиды:
• балаларға арналған интерактивті аймақтар мен анимациялық бағдарлама;
• вокалдық және би ұжымдарының концерттік қойылымдары;
• кешкі би бағдарламасы.
Жобаның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды әрі көңілді отбасылық демалыс өткізуге мүмкіндік беру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық ұжымдарды қолдау.

Астана күніне орай, 5-6 шілде күндері «Отбасы-Time» фестивалі Қалалық алаңда өтеді. Басталуы – сағат 14:00-де.