Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қала мәслихаты депутаттарымен кездесулер өтті, онда қала бюджетін және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуге негізгі мәселелер талқыланды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева депутаттарды өздерінің жұмыстарының негізгі бағыттарымен таныстырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың талдауы мен жергілікті бюджет кірістерінің өсу динамикасы туралы баяндады.
Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап ретінде бюджет жобасын қалыптастыру, кіріс базасын болжау ерекшеліктері, сондай-ақ 2026-2030 жылдар аралығына арналған Астана қаласының даму жоспарын әзірлеу мәселелері бойынша қосымша түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, бюджеттік инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері талқыланды.
Кездесу нәтижесінде 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру, қала құрылысын жоспарлау және дамыту мәселелері бойынша бірінші кезектегі міндеттер айқындалды.