
Бүгін мәслихат сессиясында Астана қаласының 2026 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Әлімқызы Түгелбаева баяндама жасады.
Бюджетті нақтылау шеңберінде бөлінген қаражаттың қосымша көлемі 144,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
Жеке кірістер бойынша - 79,4 млрд. теңге;
бос қалдықтарды бөлу - 44,7 млрд. теңге;
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару - 20 млрд. теңге.
Мемлекет басшысы атап өткендей, бюджет саясаты теңдестірілген сипатқа ие болуы, экономиканың тұрақты дамуына, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне бағдарлануы тиіс.
Бірінші кезектегі тәртіппен бюджет жобасымен жылу энергетикасы және электрмен жабдықтау, нөсер кәрізі және сумен қамтамасыз ету, көліктік ұтқырлық және қалалық орта сапасы салаларындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыру үшін қаржыландыру қамтамасыз етілді – оған 79, 1 млрд. теңге қарастырылды, сондай-ақ нақты сектордың өзге де бағыттары жалпы сомасы 42,6 млрд. теңгеге қарастырылды.
Атап айтқанда, көлік инфрақұрылымын дамытуға 15 млрд. 315 млн. теңге қарастырылды: №38 көше құрылысын жалғастыруға, Бейсекова көшесі мен Тілендиев даңғылының қиылысында көлік айырығын салуға; қаланың тұрғын алаптарында және Ильинкада жаңа жолдар салуға; Ұлы Дала даңғылының солтүстігінде, Ш. Айтматов көшесінің шығысында, сондай-ақ 9 млрд. 111 млн. теңге жолдарды орташа және ағымдағы жөндеуге көзделді.
Энергетика және ТКШ саласында проблемалық мәселелерді шешу үшін 23 млрд. 671,2 млн. теңге сомасында "Тельман" МТК, ТМ-14 және ТМ-33, бірқатар тарату қосалқы станцияларын салуды жалғастыруға, медкластер объектілерін орталықтандырылған жылумен жабдықтауға көшіру жөніндегі жұмыстарды бастауға қаржыландыру бөлінді. Газдандырумен Шұбар, Кирпичный және ЛПУ т.а. 2-кезек бойынша жобалар қамтылатын болады.
Сумен жабдықтау, су бұру, нөсер кәріз желілерін салу бойынша жобаларды іске асыруды жалғастыру жоспарлануда.
Халық өсімінің озыңқы динамикасын ескере отырып, әлеуметтік сала объектілерінің құрылысына 34 млрд. 583,6 млн. теңге қарастырылды, бұл қаражат есебінен 8 қосымша құрылысты аяқтау (№13,72,73,82,91,79,86,27), № 80 мектепке қосымша құрылысты жалғастыру және 4 білім беру мектебінің құрылысын жалғастыру, 4 өрт сөндіру бөлімін қайта жаңарту, кезекте тұрғандар мен ХӘОТ үшін тұрғын үй және МЖК және әлеуметтік нысандарға желілер салу жоспарланады. Көркем гимнастика мектебіне қосымша құрылыс, №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасы және "Алматы" ауданында жедел жәрдем қосалқы станциясын жобалау жалғасатын болады.
Кәсіпкерлік қызметті қолдауға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларға, "ІСКЕР аймақ" бағдарламасы шеңберінде шағын бизнеске кредит беруге 4 млрд. теңге бөлінді.
Бұдан басқа, 20 млрд. теңге сомаға МБҚ шығару есебінен тұрғындарды авариялық үйлерден көшіру үшін тұрғын үй сатып алу және қайта жаңарту көзделді.
Аудан әкімдіктеріне аулаларды абаттандыруға, күтіп-ұстауға және көгалдандыруға қосымша 10,5 млрд. теңге бөлінеді.
Жергілікті бюджет базасына берілген міндеттемелердің едәуір көлемін ескере отырып, жыл ішінде әкімдік әлеуметтік міндеттемелердің өсуін кезең-кезеңімен жабатын болады, оның ішінде осы бюджетті нақтылау шеңберінде 14,1 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, орфандық аурулар бойынша дәрілік заттарды сатып алуға ("Қазақстан халқы" қорынан қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты), санаторийлік балабақшаларда балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге, спорт мектептерінің қызметін қаржыландыруға және спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуына. Білім беру саласындағы ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға алты жалпы білім беретін мектепті күрделі жөндеуді бастауға (№ 4, 13, 22, 24, 31, 41), №14, 22 мектепке дейінгі 2 мекемені жөндеуге.
Бюджет медициналық ұйымдарды қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтармен - МРТ аппараттарымен, цифрлық рентгенмен және т.б. жарақтандыруды, сондай-ақ денсаулық сақтаудың 4 объектісін күрделі жөндеуді жалғастыруды көздейді.