Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін түзетулер талқыланды.

Басқарма басшысы Айжан Түгелбаева атап өткендей, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің конституциялық негіздерін одан әрі нығайтуға, құқықтық мемлекет қағидаттарын дамытуға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ережелер мен бастамаларды қамтиды.

Кездесу барысында реформалардың басым бағыттарына ерекше назар аударылды: мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейту, сондай-ақ азаматтық қоғамның рөлін күшейту. Сонымен қатар білім беру, ғылым, мәдениет және инновациялар салаларының даму перспективаларына қатысты мәселелер жеке қарастырылды.

Басқарма қызметкерлеріне ұсынылған түзетулердің мазмұны түсіндіріліп, олардың мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және экономиканың тұрақты дамуына ықпалы атап өтілді.