Мемлекет Басшысының және Астана қаласының әкімінің тапсырмасымен 2025 жылғы 11 қазан – қалалық көгалдандыру күні деп жарияланды.
Осыған байланысты, «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсенді түрде қатысып, бекітілген «Гүлдер бағы» сквері» аумағында қоқыстарды жинау және аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді.